"Орыс тілі жөніндегі ұйым құру туралы" шартты жүзеге асыруға Қазақстан 131 млн теңге жұмсайды
Attribution+
— 21 қарашада сенат "орыс тілі жөніндегі ұйым құру туралы" шартты мақұлдады.
Құжатты таныстырған сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин "ұйымның мақсаты – қатысушы елдердің орыс тілін қолдау мәселелері бойынша өзара жан-жақты әріптестігін нығайту" деп мәлімдеді.
Оның сөзінше, мұндай келісім Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстанда күшіне енген. Ел аумағында аталған келісімді жүзеге асыруға ғылым және жоғары білім министрлігі жауапты...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
1 hr |
⟶
|
|
БАҚ: Ресейде Airbus ұшақтарының жартысы жөндеу қиындықтарына байланысты ұшуды тоқтатты
Attribution+
— Ресейлік әуе компаниялар елде бар Airbus A320/А321neo ұшақтарының жартысын пайдалануды тоқтатты. Санкцияның салдарынан тасымалдаушылар ұшақ қозғалтқыштарын жөндеуде қиындыққа ұшыраған. Бұл жөнінде "Коммерсант" басылымы жазды.
Ресейдегі әуе компаниялары 34 Airbus ұшағынан бас тартқан, ал елде олардың жалпы саны – 66. Лайнерлердің бір бөлігі ресурсты үнемдеу мақсатында сұраныс көбейетін маусымға дейін резервке шығарылған, ал 15-20 борт ұша алмайды деп жазды басылым.
Газеттің...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
1 hr |
⟶
|
|
2022 жылдан бері 6,6 мың ресейлік Қазақстан азаматтығын алған
Attribution+
— 2022 жылдың басынан 2024 жылдың қазанына дейінгі аралықта 6 665 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған, үштен бір бөлігі яғни, 2 199-ы қандастар деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми жауабына сүйенген "Власть" сайты.
2022 жылы ақпанда Ресей Украинаға басып кіріп, қыркүйек айында мобилизация жарияланған. Сол жылы ресейліктер көрші елдерге, оның арасында Қазақстан да бар, ағылған еді.
ІІМ мәліметінше, 2022 жылы 1 436 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған, 484-і қандастар. Былтыр...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
3 hr |
⟶
|
|
Қалдықты қазынаға айналдырып жүрген табиғат жанашырлары
Attribution+
— Бірі қалдық жейтін шыбын өсіреді, бірі қаладан органикалық қоқыс жинайды, енді бірі пластиктен қолөнер туындысын жасайды — алматылық табиғат жанашырлары елдегі қоқыс мәселесін шешуге, жаһандық жылыну процесін баяулатуға үлес қосып жүр. Азаттық тілшісі Мақпал Мұқанқызы олардың жұмысын көріп қайтты.
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
4 hr |
⟶
|
|
Белгородта Ресей ұшағынан мектепке авиабомба түскен
Attribution+
— Белгород облысында ресейлік ұшақтан 250 келілік авиабомба облыстағы мектепке түскен. Бұл жөнінде ауыл тұрғындары жергілікті "Пепел" телеграм-арнасына хабарлады. Олардың сөзінше, бомба 19 қарашада таңғы сағат 6-да мектепке түскен. Ол кезде ғимаратта ешкім болмаған, ешкім зардап шекпеген. Алайда мектепте күндіз сабақтар өтіп жатады.
Astra басылымының жазуынша, бомба ғимараттың төбесін тесіп өтіп, үшінші қабаттағы кабинеттердің біріне құлаған. Ғимараттың қабырғасында сызат пайда болған....
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
4 hr |
⟶
|
|
Украина Ресейге алғаш рет Storm Shadow ракеталарымен соққы жасаған болуы мүмкін
Attribution+
— Украина әскері алғаш рет британдық Storm Shadow ракеталарын Ресейге қарсы шабуылда пайдаланған болуы мүмкін. Бұл жөнінде Bloomberg, сонымен бірге британдық The Guardian және BBC ақпарат агенттіктері хабарлады.
Ақпарат құралдары ракеталардың нені нысанаға алғанын нақты жазбаған. Алайда болжам бойынша, нысаналардың арасында Курск облысындағы Ресей президент ісі жөніндегі басқармаға тиесілі санаторий да бар болуы мүмкін. Ондағы жертөледе Ресей әскерінің командалық пункті орналасқан деп...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
6 hr |
⟶
|
|
Тоқаев ұсынып, Путин қолдаған «Орыс тілі ұйымы» – AzatNEWS | 20.11.2024
Attribution+
— Тоқаев ұсынды, Путин қолдады. Қазақстан мәжілісі орыс тілін қорғайтын ұйым құру заңын қабылдады.
Орыс тілі қорғауға мұқтаж ба? Бұл ұйымнан Қазақстанға қандай пайда?
Қазақстан билігі келесі жылы қарапайым адамдардан жалпыға бірдей декларация сұрамайтын болды.
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
12 hr |
⟶
|
|
Мәскеу ATACMS шабуылына реакция білдірді, Путин "келіссөз бастағысы келеді"
Attribution+
— Reuters агенттігі Ресей президенті Владимир Путин соғысты доғару үшін келіссөз бастауға дайын екенін жазды. Бірақ, ақпаратқа қарағанда, ол басып алған жерін қайтарғысы келмейді. Украина АҚШ-тың зымыранымен Ресейдегі әскери қойманы жойды.
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
17 hr |
⟶
|
|
Алматы соты Азаттықты "Жалған ақпарат тарату" бабы бойынша кінәлі деп тапты
Attribution+
— Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық соты Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қазақстандағы өкілдігін Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің "Жалған ақпарат орналастыру, тарату" (456-2-баптың 2-тармағы) кінәлі деп танып, 50 айлық есептік көрсеткіш (184 мың теңге, 370 доллар) айыппұл салу жөнінде шешім шығарды.
Іс Шымкент тұрғыны Әлішер Тұрабаевтың 2024 жылғы 13 қарашадағы арызы негізінде қозғалған. Тұрабаевтың жазуынша, биылғы 13 қыркүйекте Азаттықта жарық көрген...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
19 hr |
⟶
|
|
Алматы мен Астанада адамның бет-жүзін танитын жүйе іске қосылды
Attribution+
— Алматы мен Астанада жасанды интеллект көмегімен адамның бет-жүзін танитын жүйе іске қосылды. Ол іздеуде жүрген адамдарды тануға, қоғамдық орындарда қалған заттар жөнінде хабар беруге, заңсыздықтарды автоматты түрде тіркеуге, көліктерді анықтауға мүмкіндік береді деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Мұндай "ақылды" камералар темір жол вокзалдарында, аэропорттарда, қонақүйлерде, сауда орындарында, көшелерге орнатылған.
"Жүйе өз тиімділігін көрсетті. Дүниежүзілік...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
21 hr |
⟶
|
|
Reuters дереккөздері Путиннің келіссөзді бастау шарттары туралы айтты
Attribution+
— Ресей президенті Владимир Путин Дональд Трамп қаңтарда АҚШ президенті қызметіне кіріскеннен кейін онымен Украинадағы атысты тоқтату мәселесін талқылауға дайын. Путин атап айтқанда, соғысты майданның қазіргі сызығында тоқтатуға келіседі, алайда орыс әскері басып алған украин жерінің басым бөлігінен бас тартпайды және Украина НАТО-ға мүше болмауы тиіс деген де шарт қойып отыр.
Бұл жөнінде сәрсенбі күні дереккөздерге сүйенген Reuters жазды. Дереккөздер арасында Ресейдің қазіргі және бұрынғы...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
22 hr |
⟶
|
|
Қырғызстан "демократия аралы" болудан қалып бара ма?
Attribution+
— Қырғызстанда жергілікті сайлау алдында оппозициялық саясаткерлердің ұсталуы президент Садыр Жапаров режимімен бәсекеге ұмтылу құпталмайтын іс екенін көрсетті.
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
23 hr |
⟶
|
|
Мәжіліс "орыс тілі жөніндегі ұйым құру туралы" шартты қолдап дауыс берді
Attribution+
— 20 қарашада парламенттің төменгі палатасы "орыс тілі жөніндегі ұйым құру туралы" шартты қолдап дауыс берді. Құжатты 84 депутаттың 82-сі қолдады, 1 адам қарсы, 1 депутат қалыс қалды.
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи "Қазақстанда орыс тілі мәселесі жоқ, қазақ тілі мәселесі бар" деді.
"Орыс тілінің тағдырына Қазақстанның алаңдайтын жөні жоқ. Бұл халықаралық қордың құрылуы Қазақстан үшін тіл мәселесі емес, сыртқы саясатқа қатысты өте маңызды мәселе болмақ. Қорыта келгенде, президент...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
23 hr |
⟶
|
|
Астанада тіркелмеген оппозициялық партия мүшелері жиналған жерге полиция келді
Attribution+
— 20 қарашада Астанада бір топ белсенді әділет министрлігіне барып, "Алға, Қазақстан" партиясын тіркеу жөнінде 25-рет өтініш тапсырды. Олардың өтінішін министрлік өкілдері қабылдап алды.
Белсенділердің сөзінше, жалпы үш мыңнан астам адамның қолы өткізілген, 1600-ы өздерін видеомен растаған.
"Алға, қазақстандықтар" бірнеше жылдан бері партияларын тіркете алмай жүр. Бұған дейін министрлік өкілдері құжаттары заң талаптарына сәйкес емес екенін айтқан. Бұған келіспеген белсенділер оларды...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
23 hr |
⟶
|
|
Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті
Attribution+
— Өзбекстан үкіметі өкілетінің аяқталғанын мәлімдеді. Тиісті қаулыға 19 қарашада премьер-министр Абдулла Әріпов қол қойды.
Үкімет жұмысында үзіліс болмас үшін қазіргі үкімет жаңа министрлер жасақталғанға дейін қызметте болады.
27 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижесінде парламенттің жаңа палаталары жасақталған.
Ел Конституциясының 116 бабы және министрлер кабинеті туралы заңның 7 бабы бойынша парламент жаңарғаннан кейін үкімет отставкаға кетуі керек.
Жаңа парламент...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
1 d |
⟶
|
|
WP: Байден Украинаға жаяу әскерді жоятын мина түрлерін жеткізуге рұқсат берді
Attribution+
— АҚШ президенті Джо Байден Украинаға жаяу әскерді жоятын мина түрлерін жеткізуге рұқсат берді. Бұл жөнінде аты-жөнін айтпаған екі шенеунікке сүйенген The Washington Post басылымы жазды.
Олардың сөзінше, АҚШ президенті әкімшілігі украин әскерінің қорғанысын нығайту мақсатында осындай қадамға барған. Себебі Ақ үй Ресей әскерінің кейінгі апталарда украин бекіністеріне төндірген қатеріне алаңдайды және олардың қозғалысын бәсеңдету қажет деп санайды.
Өзге де жеткізілген оқ-дәрімен қатар...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
1 d |
⟶
|
|
Қазақстан экономиканы қолдау үшін халықаралық банктен тағы қарыз алады
Attribution+
— Қазақстан үкіметі экономиканы тұрақты ұстап тұру үшін халықаралық банктен тағы қарыз алады. 20 қарашада мәжіліске тиісті заң жобасы түсті. Заң жобасы туралы мәжіліс депутаты Татьяна Савельева 20 қараша күнгі отырыста айтты.
"Аталған келісім 2024 жылы 11 қазанда Астана қаласында жасалған. Халықаралық қайта құру және даму банкі Қазақстанға 84,9 млрд иен көлемінде несиені 11 жылға береді. Қаражат жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген көлемі аясында ел...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
1 d |
⟶
|
|
Солтүстік Қазақстан облысында биыл сепаратизмге қатысты 10 іс қаралған
Attribution+
— Солтүстік Қазақстанда биыл сепаратизм және "ұлтаралық алауыздық қоздыру" бабы бойынша 14 адам сотталған. Бұл жөнінде бас прокуратураға сүйенген жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады. Қарашада Петропавлда екі адам "сепаратистік әрекеті үшін" түрме жазасын алған.
"Олар "Чат рулетка" сайтындағы YouTube видеохостингі арқылы Қазақстан Республикасының тұтастығына нұқсан келтіруді насихаттағанын жоққа шығарды" деп жазылған ресми хабарламада.
Прокуратура мәліметінше, сот кезінде олардың...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
1 d |
⟶
|
|
Норвегияда терроризм бойынша сотталған Брейвик самайына Z таңбасын салып алып, Ресейді қолдады
Attribution+
— Норвегияда терроризм және жаппай адам өлтіру бабы бойынша 21 жылға сотталған Андерс Брейвик самайына Z таңбасын салып алды. Ол өзін мерзімінен ерте босату туралы өтініші қаралған сотқа сол күйде келді.
Сотталушы сот отырысына Ресей, сонымен бірге Ресейдің Украинаға қарсы ашқан соғысында қандай да бір дәрежеде орыс әскеріне көмектесіп жатқан Қытай, Иран, Солтүстік Кореяны қолдаған жазуы бар плакат әкелді.
"Мерзімінен ерте босап шыққан жағдайда не істейсіз?" деген журналистердің сұрағына...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
1 d |
⟶
|
|
Жаңаөзендегі ереуіл, санкция салқыны, түрмедегі аштық – AzatNEWS | 19.11.2024
Attribution+
— Жаңаөзенде жұмысшылар наразылығы бір аптадан бері жалғасып жатыр. Компания басшылығы жауап берді.
Қазақстанда тіркелген қандай компаниялар Ресейге санкция тізіміндегі тауарларды жеткізіп жатыр? Зерттеу жарияланды.
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
1 d |
⟶
|
|
Түрмедегі Жыланбаевтың аштық жариялағаны хабарланды
Attribution+
— Түрмеде отырған марафоншы, белсенді, "Алға, Қазақстан!" партиясын тіркеу жөніндегі бастамашы топтың жетекшісі Марат Жыланбаев аштық жариялағаны хабарланды. 18 қарашада белсендімен адвокаты Мейіржан Досқараев кездескен. Адвокаттың айтуынша, марафоншы соттың өзіне қатысты шыққан шешіміне наразылық білдіріп, 13 қарашада мерзімсіз аштық акциясын бастаған.
Жыланбаев түрмедегі санитарлық жағдай нашар, тамақ дұрыс берілмейді және адвокаты мен достарына қоңырау шалуға мүмкіндік берілмейді деп те...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
1 d |
⟶
|
|
"РБК-Украина": Украина Ресейге ATACMS зымырандарымен соққы жасады
Attribution+
— Украина қорғаныс күштері алғаш рет Ресей аумағына америкалық ATACMS баллистикалық зымырандарымен соққы жасады. 19 қарашада дереккөзіне сілтеген "РБК-Украина" сайты осылай деп хабарлады.
Қорғаныс құрылымдарындағы дереккөздің айтуынша, соққы Брянск облысы Карачев қаласындағы әскери нысанға тиген. Ресей күштері бұл жайлы әлі пікір білдірген жоқ.
Карачев Украина шекарасынан шамамен 130 шақырым жерде орналасқан деп жазды РБК.
Украина қарулы күштері бас штабының мәліметінше, 19 қарашаға...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
1 d |
⟶
|
|
Путин Ресейдің жаңарған ядролық доктринасын бекітті
Attribution+
— Ресей президенті Владимир Путин "Ресей Федерациясының ядролық тежеу саласындағы мемлекеттік саясаты негіздерін бекіту туралы" жарлыққа қол қойды. Жарлық 19 қарашада құқықтық ақпарат порталында жарияланып, күшіне енді.
Жаңарған құжатта ядролық қару қолдану шарты көбейген және мұндай мүмкіндік "әуе-ғарыш құралдарымен шабуыл басталғаны туралы сенімді ақпарат" алған кезде және олар Ресей шекарасынан асатын болса қарастырылады. Олардың қатарында дрондар да бар.
Мәскеу енді ядролық қаруы...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
1 d |
⟶
|
|
Сауда министрі де Ресейге технология жеткізген компанияларды бір күндік деп атады
Attribution+
— Қазақстанда тіркелген компаниялар шетелден жабдықтар сатып алып, ізінше Ресейге жеткізіп отырған деген The Insider басылымы зерттеуінде аталған компанияларды сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бір күндік деп атады.
Бұған дейін экономика министрі Нұрлан Байбазаров Ұлыбритания санкциясына ілінген Қазақстандағы басқа компанияларды осылай сипаттаған.
– Мұндай компаниялармен күресу бойынша механизм құралдары бар, салық, кеден жағынан. Бір күндік фирмалар осындай жағдайға арнайы...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
1 d |
⟶
|
|
Қазақстан үкіметі бірыңғай уақыт белдеуіне өту дұрыс шешім болды деді
Attribution+
— Қазақстан үкіметі бірыңғай уақыт белдеуіне өту туралы шешімді қолдайды. 19 қарашада үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов ел аумағының көп бөлігі UTC+5 белдеуінде орналасқан деп мәлімдеді.
"Бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден бекер ауысқан жоқпыз. Бұл – ғылыми тұрғыдан дұрыс шешім. Сауда және ақпарат министрліктеріне жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырамын, – деді Бектенов.
Биыл қаңтарда үкімет "Уақытты есептеу тәртібі туралы" қаулыға өзгеріс енгізіп,...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
2 d |
⟶
|
|
Абхазия басшысы Аслан Бжания қызметінен кетті
Attribution+
— Өзін республика деп жариялап алған Абхазияның президенті Аслан Бжания қызметінен мерзімінен бұрын кетті. Премьер-министр Александр Анкваб та қызметін доғарды.
"Абхазия Республикасы Конституциясының 65-бабына сәйкес, елде тұрақтылық пен Конституциядағы тәртіпті сақтау мақсатында мен Абхазия Республикасының президенті қызметінен кетемін", – деп жазылған билік пен оппозиция арасында бірнеше сағатқа созылған келіссөзден кейін Бжания қол қойған құжатта.
Тараптар қол қойған келісімге сәйкес,...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
2 d |
⟶
|
|
Еуроодақ пен Ұлыбритания Ираннан Ресейге тауар жеткізуге байланысты санкцияны күшейтті
Attribution+
— 18 қарашада Еуроодақ пен Ұлыбритания Украинаға басқыншылық соғысын жүргізіп жатқан Ресейге көмектескен Иранға қарсы санкциясын жаңғыртты. Бұл жолы ресейлік кемелер мен көлік компанияларына санкция салынды.
Еурокомиссия теңіз жолымен жүк таситын Иран компаниясы мен оның директоры, сондай-ақ Каспий теңізіндегі сауда кемелері мен порттар санкция тізіміне енгізілді деді. Онда ресейлік "МГ-Флот", "ВТС-Брокер" және "Арапакс" компаниялары бар. Астраханда тіркелген бұл компаниялар жүк тасумен...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
2 d |
⟶
|
|
Ақша айырбастау орындары 1 долларды 500 теңгеден сата бастады
Attribution+
— Қазақстанда 1 АҚШ долларының ресми бағамы 500 теңгеге жақындап қалды. Астанадағы және өзге қалалардағы ақша айырбастау орындарында доллар құны 500 теңгеден асты.
18 қарашада Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 497,89 теңге (алдыңғы көрсеткіштен 1,88 теңге көп) болды. Ұлттық банктің сол күнгі ресми бағамына сай, 1 доллар 495,95 теңгеге тең.
Kurs.kz дерегінше, дүйсенбі күні түстен кейін Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау орындарында...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
2 d |
⟶
|
|
Саха белсендісі билік өкілдері өзін Ресейге бермек болғанын айтты
Attribution+
— Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қарсы шыққан саха белсендісі әрі панк-музыкант Айхал Аммосов (төлқұжаттағы аты-жөні – Игорь Иванов) "Медиазона" сайтына берген сұхбатында Қазақстанда бір жыл қамауда отырып шыққан соң өзін сол елдің билік өкілдері қайтадан ұстап, ресейлік әріптестеріне беруге тырысты деп мәлімдеді. Ол өзін Якутскіге әкетпекші болған деп топшылайды. "Медиазонаның" хабарлауынша, Ресей қауіпсіздік қызметкерлері бұған дейін ТМД елдерінде жүрген ресейліктерді бірнеше рет ұрлап...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
2 d |
⟶
|
|
Украина ATACMS-пен Ресей жерін "ата алады". Соғысқа 1000 күн. Сумыға шабуыл
Attribution+
— Батыс басылымдары АҚШ президенті Джо Байден Украинаға ATAMCS ракетасымен Ресей аумағын атуға рұқсат берді. Ресейдің Сумы қаласына шабуылынан балалар қаза тапты. 17-18 қарашадағы жағдайды шолып шықтық.
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
2 d |
⟶
|
|
Бүлдіршіндердің өлімі, Байденнің шешімі – AzatNEWS | 18.11.2024
Attribution+
— Қостанайда атасы мен үш бала ыс тиіп мерт болды. Астанада тағы төрт бала өрттен қаза тапты.
АҚШ президенті Джо Байден Украинаға Ресей жерін америкалық зымыранмен атқылауға рұқсат бергені хабарланды.
Берлиндегі шеру. Қуғындағы орыс оппозициясы Германия астанасында Путинге қарсы шеру өткізді.
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
2 d |
⟶
|
|
Жаңаөзендегі жұмысшылар ереуіліне бір апта болды
Attribution+
— Жаңаөзенде әлеуметтік пакетті ұлғайтуды, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп 12 қарашада ереуілге шыққан "Өзенмұнайгаз" (ӨМГ) компаниясының жұмысшылары әлі тараған жоқ. "Өзенмұнайгаз" басшылығы жұмысшылар талабы орынсыз деп санайды.
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
2 d |
⟶
|
|
БАҚ: Ресейге Storm Shadow-мен шабуыл жасауға рұқсат берілгені әзірге нақты емес
Attribution+
— АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Украинаға Ресей аумағына алысқа жететін америкалық қарумен шабуыл жасауға қойылған шектеуді алып тастағаны я оны едәуір жеңілдеткені туралы ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.
Бұл туралы хабарлаған Reuters, Associated Press, New York Times, Washington Post және тағы басқа басылымдар шешім шынымен қабылданды дегенімен, оның жай-жапсары бойынша мәліметі әртүрлі.
Украинаға тек 300 шақырымға дейінгі америкалық ATACMS-ті қолдануға я алысқа жететін...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
2 d |
⟶
|
|
Bloomberg: Ердоған Украинадағы соғысқа байланысты жоспар дайындады
Attribution+
— Түркия президенті Режеп Ердоған Украинадағы соғысты тоқтата тұру жоспарын дайындады, оны 18 қарашада Рио-де-Жанейродағы G20 саммитінде таныстыруды жоспарлап отыр. Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сүйеніп осылай деп хабарлады.
Агенттік сөйлескен адамдардың айтуынша, Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскийге НАТО-ға қосылуды "Путинге жеңілдік ретінде" кем дегенде 10 жылға кейінге шегеруді ұсынып көрмек. Бұдан бөлек, Донбасстың шығысында демилитаризацияланған аймақ құрып, ол жерге...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
2 d |
⟶
|
|
Өскеменде 14 мыңнан астам отбасы бір күн жылусыз қалды
Attribution+
— Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында өткен демалыс күндері 14 мыңнан астам пәтер мен 300-ден аса кеңсе бір күн жылусыз отыруға мәжбүр болды. "Шығыс жылу" кәсіпорны 16 қараша түс кезінде болған "ақау" алдымен кешке дейін, кейін түнде қалпына келтіріледі деп хабарлағанымен, жөндеу 17 қараша түстен кейін бір-ақ аяқталды.
Қала тұрғындары Instagram әлеуметтік желісіндегі жергілікті танымал парақшаларда ыстық су мен жылу болмай, баспанасы азынап кеткенін айтып шағынды. Кейбірі...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
3 d |
⟶
|
|
Төрт бала опат болған Астанадағы өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды
Attribution+
— Төрт бала опат болған Астанадағы жеке үйдегі өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде қаланың төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Тергеу қорытындысы тексеру аяқталғаннан кейін айтылады.
"Балалар қазасына әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылуына байланысты жеке екі қабатты үйде болған өрт бойынша төтенше жағдайлар департаментінің анықтау бөлімі "Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу" бабы (Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғады" делінген...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
3 d |
⟶
|
|
Қостанай облысында төрт адам газдан уланып қаза болды, үшеуі – бала
Attribution+
— 17 қарашада Қостанай облысында төрт адам газдан уланып қаза болды. Бұл туралы жергілікті "ТобылИнфо" сайты хабарлады.
Басылымның ақпаратынша, 8, 3, 2 жасар үш бала және олардың 67 жастағы атасы опат болған. Қайғылы оқиға 17 қарашада 13.00 шамасында Амангелді ауданы Тасты ауылдық округіндегі Қарынсалды ауылында болған.
Балалардың әкесі мен анасы және олардың 4 жасар тағы бір ұлы Арқалық қаласындағы ауруханаға жатқызылған.
"ТобылИнфо" мәліметінше, отбасы аз табыс табатын, әлеуметтік...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
3 d |
⟶
|
|
Қайырымдылықты реттеу. Алаяқтықпен күрес пе, саланы бақылау ма?
Attribution+
— Қазақстан билігі жылу жинау туралы заңға өзгеріс енгізуді және осы саланы реттейтін бірнеше кодексті жаңа ережемен толықтыруды көздеп отыр. Мысалы, қайырымдылық қорларын міндетті аккредиттеу, төтенше жағдай кезінде кімнің жылу жинайтынын анықтауды әкімдікке тапсырып, өз бетінше жылу жинаған жеке тұлғаға айыпұл салу сияқты өзгертулер қарастырылған. Құжат ашық жария етілмегендіктен қоғам өкілдері алаңдап отыр.
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
3 d |
⟶
|
|
Тбилисиде сайлау қорытындысын қайта қарауды талап еткен оппозиция акциясы өтті
Attribution+
— 17 қарашада Тбилисиде Грузия парламенті ғимараты жанында оппозициялық партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар 26 қазандағы парламент сайлауындағы заң бұзу және бұрмалауға наразылық білдіріп, "Өз дауысыңды қайтар!" деген тақырыпта акция өткізді. Грузия Орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметінше, билікте отырған "Грузин арманы" партиясы 54 пайыз дауыс жинап, озып шыққан. Батысшыл төрт оппозициялық коалицияға сайлаушылардың шамамен 37 пайызы дауыс берген.
Митинг кезінде үкіметтік емес...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
3 d |
⟶
|
|
Футболдан Ұлттар лигасында Қазақстан Норвегиядан ойсырай жеңілді
Attribution+
— Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының соңғы ойынында Норвегия құрамасынан жеңіліп қалды. Ослода өткен ойында норвегтер 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші тайм 3:0 есебімен аяқталып, Норвегия құрамасы озып шықты. Бұл құраманың танымал ойыншысы, "Алтын допқа" үміткерлердің бірі Эрлинг Холанд осы ойында хет-трик жасады (үш гол соқты), оның екеуін Қазақстан командасының қақпасына матчтың бірінші жартысында салды. Одан бөлек Александер Сёрлот (бірінші таймда) пен Антонио Нуса (екінші...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
3 d |
⟶
|
|
Бейрутте "Хезболла" тобының баспасөз хатшысы қаза тапты
Attribution+
— Ливанның "Хезболла" радикал тобында бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысқа жауапты Мұхаммед Афиф Израиль армиясының Бейрут қаласына жасаған шабуылынан қаза тапты. Бұл туралы Ливанның Al-Mayadeen арнасы хабарлады.
Reuters агенттігі дереккөздеріне сүйеніп, шабуыл "Хезболланың" штаб-пәтері орналасқан Дахия ауданының маңына емес, Ливан астанасының орталығындағы Рас-әл-Наба ауданына жасалған деп хабарлады. АҚШ пен Израиль "Хезболланы" террористік ұйым деп атайды. Еуропа одағы "Хезболланың"...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
3 d |
⟶
|
|
Bloomberg: Солтүстік Корея Ресейге 100 мыңға жуық сарбаз жіберуі мүмкін
Attribution+
— Солтүстік Корея Украинаға қарсы соғыс жүргізіп жатқан Ресейге көмектесу үшін 100 мыңға дейін сарбаз жіберуі мүмкін. Бұл туралы Bloomberg агенттігі "Үлкен жиырмалық" (G20) елдеріндегі дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.
Агенттік сөйлескен дереккөздердің айтуынша, бұл мәлімет – алдын ала есеп бойынша жасалған болжам, ақпарат алда расталса да, 100 мың сарбаз бір уақытта жіберілмейді.
Бұған дейін Украинаның Оңтүстік Кореядағы елшісі Дмитрий Пономаренко "Америка дауысының" Оңтүстік Корея...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
3 d |
⟶
|
|
NYT: Байден Украинаға батыс ракеталарымен Ресей аумағын атуға рұқсат берді
Attribution+
— АҚШ президенті Джо Байден алысқа ұшатын америкалық қару түрлерімен Ресей аумағына соққы жасауға рұқсат берді деп жазды дереккөздерге сүйенген The New York Times басылымы.
Дереккөздің айтуынша, қару Ресейдің Курск облысындағы украин күштерін қорғау үшін ресейлік және солтүстіккореялық әскерге қарсы пайдаланылуы мүмкін.
Екі айдан кейін өкілеті аяқталатын Байденнің шешімі АҚШ саясатындағы ірі өзгеріс деп жазды басылым.
The New York Times дереккөзінің хабарлауынша, украиндарға алысқа...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
3 d |
⟶
|
|
Үндістан гипердыбыстық ракетасын сынақтан сәтті өткізгенін хабарлады
Attribution+
— Үндістан алысқа ұшатын алғашқы гипердыбыстық ракетасын сынақтан сәтті өткізгенін хабарлады. Бұл жөнінде жексенбі күні қорғаныс министрі Раджнат Сингх мәлімдеді. Сынақ сенбі күні Үнді түбегінің шығыс жағалауындағы аралда орналасқан Абдул Калам полигонында өткен.
Сыналған ракета түрлі қаруларды алып жүре алады және 1500 шақырымға дейін ұшады. Ол дыбыс жылдамдығынан бес есе жылдам ұшады деп айтылады.
Осылайша Үндістан ең озық қаруы бар әлемдегі санаулы елдердің қатарына қосылды....
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
3 d |
⟶
|
|
Жексенбіге қараған түні Ресей әскері Украинаны қанатты зымырандармен атқылады
Attribution+
— Ресей әскері жексенбіге қараған түні Украинаны "Калибр" қанатты зымырандарымен атқылады. Ракеталар Қара теңізден ұшырылған. Елдің шығысынан Днепрге дейін аралықтағы барлық облыста әуе дабылы іске қосылды. Гипердыбыстық "Кинжал" ракеталары да ұшырылғаны жөнінде ақпарат болды.
Одесса, Запорожье, Днепр, Кривой Рог және Черкасск, Киев, Полтава облыстарында жарылыс болды. Черкасск, Киев және Полтава облыстарына дрондармен де шабуыл жасалған.
Киевте бес қабатты тұрғын үйге ракета құлап,...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
4 d |
⟶
|
|
Астанада жеке тұрғын үйдегі өрттен төрт бала қаза болды
Attribution+
— Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, соның салдарынан төрт бала мерт болды деп хабарлады жергілікті төтенше жағдай департаменті.
“Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минутта жеткенде ашық жанып жатқанын байқаған. Өрт 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза болды” деп жазылған хабарламада.
Ресми ақпаратқа қарағанда, тұғын үйдің төбесі өртеніп, жартылай құлаған. Екі...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
4 d |
⟶
|
|
"Қазір құм мен тас қана жатыр" Каспийдің тартылуы Түркіменстандағы жалғыз жағажай курортқа қалай әсе...
Attribution+
— Түркіменстанның теңіз жағасындағы қымбат курорты жазғы демалысқа қажеттің бәрін ұсынады. Тек теңіз ғана жоқ. Ұзақ жылдардан бері Каспийдің су деңгейі төмендеп келеді. Бұл әлемдегі оқшау мемлекеттің беткеұстар туристік орнын теңізсіз қалдырды.
Аваза 2007-2017 жылдары Түркіменстанның өкілетті тұлғалары мен мемлекеттік қызметкерлеріне арналған демалыс орны ретінде қыруар қаржыға салынған. Енді бұл мекен Каспий теңізіндегі су деңгейінің күрт төмендеуінен зардап шегіп отыр.
БҰРЫН ШОМЫЛҒАН...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
4 d |
⟶
|
|
Ақмола облысында бұрынғы мешіт ғимаратында газ жарылып, үш адам қаза болды. 16 адам ауруханаға әкеті...
Attribution+
— 17 қарашада Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында бұрынғы мешіт ғимаратында газ жарылып, үш адам қаза болды. 16 адам қалалық ауруханаға әкетілген. Төтенше оқиға ғимаратта ас беріп жатқан кезде болған.
Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдай департаментіне сүйенген жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.
Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, құтқарушылар алты газ баллонын алып шыққан, барлығы жеті баллон болған.
Төтенше оқиғаның салдарынан 1978 жылғы ер...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
4 d |
⟶
|
|
"Газпром" Австрияға газ тасымалдауды тоқтатты. Вена бұған дайын екенін мәлімдеді
Attribution+
— Ресейлік "Газпром" корпорациясы 16 қарашада Австрияның энергетикалық OMV кәсіпорнына газ тасымалдауды тоқтатты деп хабарлады Австрия канцлері Карл Нехаммер. Бұған 2022 жылғы бизнес-дау түрткі болған. Нехаммер жуырда "ел өзін бопсалауға жол бермейді" деп мәлімдеген.
2022 жылы Ресей Украинаға басып кірген шақта Австрияға Ресей газы үзіліспен жеткізіле бастаған. Ресейлік компания мұны техникалық қиындықтармен түсіндірген, ал Батыс елдері мұны "бопсалау құралы" деп атаған.
OMV...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
4 d |
⟶
|
|
Солтүстік Корея Ресейге өздігінен жүретін 50 зеңбірек жеткізген болуы мүмкін
Attribution+
— Солтүстік Корея Ресейге өздігінен жүретін 50 зеңбірек (М1978 "Коксан") пен 20 шақты дүркіндете ататын жүйе жеткізген болуы мүмкін. Бұл жөнінде Украина барлау қызметінің есебіне сүйенген Financial Times басылымы жазды.
САУ М1978 жүйесінің Ресейдегі темір жол платформаларында тұрған суреті бейсенбі күні желіде тарады, сурет қашан түсірілгені белгісіз. Бұған дейін Ресейге шетелден мұндай қару түрі жеткізілетіні айтылмаған.
"Коксан" Иранға Иран-Ирак соғысы кезінде жеткізілген. 170мм...
...
Азат Еуропа/Азаттық радиосы
|
4 d |
⟶
|
|